$ 443.35  475.54  4.82

Жезқазғандағы мыс балқыту зауытында өрт шықты

Балқыту цехында шамамен 100 шаршы метр алаңда трансформатордың бөліктері мен төгілген май жанған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Жезқазғанда мыс балқыту зауытында трансформатордың жанғыш бөліктері мен төгілген май өртенді. Жалынды сөндіруге 39 адам мен 10 техника жұмылдырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытындағы өрт туралы хабарлама 27 мамырда сағат 08:53-те түскен. Балқыту цехында шамамен 100 шаршы метр алаңда трансформатордың бөліктері мен төгілген май жанған. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ екені хабарланды.

"Балқыту цехында өндіріс процесі уақытша тоқтатылды. Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды: жеке құрамнан 26 адам және 7 бірлік техника, сонымен қатар "Серіктес" ЖШС 13 қызметкері және 3 техника", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли .

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары