30.05.2021, 10:24

Қарағандыда монша өртенді

Қызыл жалын монша жанындағы көрші үйді және тұрақтағы 3 көлікті де шарпыған.

Кеше кешкі сағат 22:00-дер шамасында Қарағанды қаласы Ермеков көшесіндегі “Кедр” моншасынан өрт шықты. 

Қызыл жалын монша жанындағы көрші үйді және тұрақтағы 3 көлікті де шарпыған. Видеодан көліктер де тұтастай жанып кеткенін көруге болады. 

Оқиға орнына 13 техника мен 50 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Ғимараттан 5 адам құтқарылды. Сағат 22:53-те өрт сөндірілді.