01.06.2021, 11:40

Түркістандық келіншек бір жасар баласын 7 млн теңгеге сатпақ болған

Фото: ашық дереккөз
27 жастағы ана қазіргі таңда қамауға алынған.

Түркістанда әйел бір жасар баласын 7 млн теңгеге сатпақшы болған жерінде ұстады, деп жазады Orda.kz .

Түркістан қалалық прокуратураның мәліметінше, 27 жастағы ана қазіргі таңда қамауға алынған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Осы материал бойынша сол күні Түркістан қалалық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдарын бастады. 1994 жылы туған күдікті әйел өзінің 2020 жылы туған баласын сату және 7 млн теңге көлемінде ақша алу кезінде қолға түсті", – делінген хабарламада.