02.06.2021, 09:40

Шымкентте болған қатты желден 5 жасар бала зардап шекті (ВИДЕО)

Фото: ашық дерекөз
Шатырлар автомобильдер мен ғимараттардың үстіне құлаған.

Шымкентте қатты жел болып бірнеше ғимаратттың шатыры ұшып кеткен. Салдарынан 5 жасар бала жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шымкентте желдің жылдамдығы секундына 26 метрге жетті. Нәтижесінде үш коммерциялық нысанның, бес көпқабатты тұрғын үйдің, екі білім беру нысанының шатыры құлап кетті. Шатырлар автомобильдер мен ғимараттардың үстіне құлаған. 

Шатырлар 3 мың шаршы метрден астам ғимараттың шатырын және алты автокөлікке зиян келтірді. Сондай-ақ, 2016 жылы туған бала жарақат алды, оның қандай жарақат алғаны туралы айтылмайды.

Нұрсәт шағынауданындағы Сайрам, Қызыл су, Өтеміс, Шапырашты және Исфиджаб тұрғын аудандарының тұрғындары жарықсыз қалды.

Төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылды, тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылды.