Қарағандыда Гоголь көшесіндегі көпқабатты үйде жарылыс болды. Апат салдарынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқиға сейсенбі, 1 маусымда, жергілікті уақыт бойынша 19.57-де болды. Куәгерлер бірден құтқарушыларды шақырған. Олардың айтуынша, жарылыс газ баллонынан болуы мүмкін.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі оқиғаға түсініктеме берді. Ведомство хабарына қарағанда, үйде газ-ауа қоспасы жарылған.
"Бес қабатты тұрғын үйдің екі бөлмелі пәтерінде газ-ауа қоспасы жарылған, бірақ ол өртке айналмады. Оқиға салдарынан үйдің тіреуіш құрылымдары зақымдалмаған, тек пәтердің бөлмелері зақымданған", - деді ведомство өкілдері.
Оқиға орнында құтқарушылар қаза болған адамды тапты. Оның жеке басы әлі анықталған жоқ. Оқиғадан кейін үйдің басқа пәтерлерінен 10 адам эвакуацияланған.