$ 494.87  520.65  4.91

«Иесі лақтырып жіберген»: Қарағандыда үшінші қабаттан құлаған ит өліп қалды

Иттің құлағанын видеоға түсірген куәгерлер оның өліміне иесін кінәлап отыр.

Қарағанды ​​қаласының Октябрь ауданында ит үшінші қабаттың балконынан құлап түсті. Иттің құлағанын видеоға түсірген куәгерлер оның өліміне иесін кінәлап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Видео авторларының айтуынша, итті иесі үшінші қабаттан лақтырып жіберген. 

"Иттің жан дауысы шықты, ол қатты қыңқылдады. Адамдар итке көмектеспек болған, алайда ол қатты жарақаттанған еді. Бұл оқиға 8 маусымда болған. Иттің иесі мас болған. Ол тіпті өтіп бара жатқан адамдарға да тас лақтырды", - деді куәгерлер.

Видео әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін полиция қызметкерлері де оған қызығушылық танытқан. Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт теміржол полициясы басқармасында тіркелгенін хабарлады.

"Ер адам итті үшінші қабаттың балконынан лақтырды деген хабарлама полиция бөліміне 8 маусымда келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Полиция иттің иесін анықтады. Ол 50  жастағы ер адам болып шықты. Оның айтуынша, жануар терезенің жанындағы стөлде отырған. Даладан екінші бір иттің дауысын естіп, ит терезеден секіріп кеткен. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде "Жануарларға қатыгездік" бабы бойынша тіркелді”, – деп мәлімдеді полиция басқармасы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары