$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда көлік жүргізушісі бір отбасының төрт адамын қағып, оқиға орнынан қашып кетті

Жол апатынан 30 жастағы полицей мен 46 жастағы облыс тұрғыны ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Атырау облысында бір отбасының 4 адамын қаққан жүргізуші қолға түсті деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол-көлік оқиғасы 31 мамырда түнгі сағат 01:10 шамасында Мақат ауданындағы Доссор кентінде орын алған. 1988 жылы туған ер адам Toyota Sequoia көлігімен жолдан өтпек болған 1988, 1996, 2014, 2020 жылдары туған төрт жүргіншіні қағып кеткен. 

Осыдан кейін көлік жүргузішісі оқиға орнынан қашып кеткен. Жол-көлік оқиғасына байланысты жүргізілген жедел іздестіру-тергеу амалдарының нәтижесінде күдікті анықталып, қолға түсті. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. 

Тергеу мәліметтері бойынша, Shacman көлігінің 59 жастағы жүргізушісі Қарағандыға ​​бағыт алып келе жатқанда көлікті басқара алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Салдарынан ол 35 жастағы тәртіп сақшысы басқарған ВАЗ автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан ВАЗ жолаушылары - 30 жастағы полицей мен 46 жастағы облыс тұрғыны ауыр жарақаттар алып, оқиға орнында көз жұмған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары