$ 443.85  474.3  4.8

Новосібірде жойқын жарылыс болды (ВИДЕО)

Куәгерлер желіде оқиға орнында түсірілген видеоларды бөлісіп жатыр.

14 маусымда кешке Новосібірдегі Гусинобродск тасжолында орналасқан ЖҚС-да өрт шығып, жанармай құйылған резервуарлар жарылды. Қазіргі уақытта зардап шеккен 21 адам бары белгілі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Куәгерлер желіде оқиға орнында түсірілген видеоларды бөлісіп жатыр.

ТЖМ өкілдері өртті 90 адам, 25 дана техника сөндіріп жатқанын хабарлады. Новосібір облысы бойынша ТЖМ бас басқармасы өрт сөндіру басқармасының бастығы Дмитрий Ярцев өрт салдарынан газ тасымалдауға арналған автомобиль мен газ резервуары жойылғанын мәлімдеді.

Нұр-Сұлтан уақытымен 20.10-дағы жағдай бойынша өрт сөндірілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары