Ақмола облысында 25 жолаушысы бар автобус апатқа ұшырады, деп жазады Айқын газеті.
Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 09:35 кезінде «Ақсу-Бестөбе-Изобильное» тасжолының 37-шақырымында болған.
«Ауди» көлігінің 1978 жылғы жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, қарсы бағытта жүріп келе жатқан «Kaessbohrer Setra» жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Салдарынан автобуста болған 25 жолаушының жарақат алған 7-еуі ауруханаға жеткізілді.