Ақтаудағы жағажайда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бейне әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрларда 10-ға жуық жігіт кенеттен бір-біріне жұдырық ала жүгіргені байқалады.
Сол сәтте жағажайда демалушылар қарасы көп еді, арасында кішкентай балалар да болған. Бірнеше азамат жігіттерді ажыратпаққа асыққан.
Видео соңына пікір білдірген халық кейбір адамдардың мәдениетті демалу дегенді білмейтінін айтып, күйінген. «Неліктен біздің қоғам қалыпты демалуды білмейді?», «Жабайы жануарлар», «Адамша сөйлесуді үйрену керек», – деп жатты олар.