$ 444.22  476.38  4.82

Қостанайда әкесі жұмысына келген ұлының басынан балтамен ұрып өлтірді

Полицейлердің мәліметінше, жанжал әке мен баланың спиртті ішімдік ішуі салдарынан туындаған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Қостанайда әкесі мен баласының арасында туындаған жанжалдың арты өліммен аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz. 

Полицейлердің мәліметінше, жанжал әкесі мен баласының спиртті ішімдік ішуі салдарынан туындаған. Ұрыс кезінде күдікті (әкесі) баласының басынан балтамен ұрып жарақаттаған. Қылмыс жасады деген күдікпен 73 жастағы ер адам ұсталды. Істің мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

"Полиция басқармасы облыс орталығының 30 жастағы тұрғынын өлтіру фактісі бойынша сот алдындағы тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде, ол сот алдындағы тергеудің Бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлімі ("Адам өлтіру") бойынша тіркелген", - делінген ПД хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары