08.07.2021, 12:40

Жұмыс орнында тоққа түскен павлодарлық азамат қайтыс болды

фото: Stan.kz
7 шілде күні сағат 13:54-те Павлодар қаласындағы ЖШС-нің бірінің аумағында трансформатордағы жұмыстарды орындау кезінде 38 жастағы жұмысшыны  тоқ соқты.

Павлодарда желіні жөндеп жатқан жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің жұмысшысын тоқ соқты. Ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

7 шілде күні сағат 13:54-те Павлодар қаласындағы ЖШС-нің бірінің аумағында трансформатордағы жұмыстарды орындау кезінде 38 жастағы жұмысшыны  тоқ соқты. Оқиға салдарынан ол сол жерде қайтыс болды. Сараптама тағайындалды.

Экструзиялық желі - трансформаторды қамтитын пластмассадан бөлшектерді (құбырлар, пластикалық пленкалар және басқа да бұйымдар) жасауға арналған жабдықтар жиынтығы.