$ 498.34  519.72  4.85

Ақсуда әйелді аяусыздықпен өлтірген қылмыскерге сот үкім шығарды

Жігіт әйелдің дене бөліктері салынған қаптарды Ақсу қаласының түрлі қоқыс контейнеріне шашып, бір бөлігін қаланың шетіне көмген.

Айыптының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен және сараптамаларымен расталады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

2020 жылғы 11 қазанда Ақсу қаласында 27 жастағы сылақшы-сырлаушы мен 30 жастағы әйелдің арасында жанжал туындаған. Оған той кезінде ер адамның қолхатпен ақшасын қайтармай қойғаны себеп болған. Жанжал барысында Ақсу тұрғыны келіншектің кеудесінен пышақпен ұрған.

«Қылмыстың ізін жасыру үшін сылақшы-сырлаушы болып істейтін жігіт мәйітті пышақпен бөлшектеп, келесі күні дене бөліктері салынған қаптарды Ақсу қаласының түрлі қоқыс контейнерлеріне шашып шыққан. Бір бөлігін қаланың шетіне көмген», - делінген хабарламада.

Сот жас жігітті ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.

Сонымен қатар, прокурор 14 жылға бас бостандығынан айыруды сұраса, қайтыс болған адамның ата-анасы ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыскерді 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот кінәні мойындау, өкіну және бірінші соттылық кінәні жеңілдететін жағдайлар деп атады.

«Жерлеу үшін сүйектерді - үш фрагментті туыстары үкім заңды күшіне енгеннен кейін алады», - деп хабарлады Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Құдабай Сұлтанов.

Айта кетейік, жоғалған әйелді іздеуге Павлодар қаласының «Vita» қорының іздеушілері атсалысқан.

Кейін әйелдің аяусыз өлтірілгені белгілі болды. Оның артында үш жасар қызы қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары