$ 498.34  519.72  4.85

Іле Алатауындағы өрт үш күннен бері сөнбей жатыр

Өрт болған жерге көлікпен су апару мүмкін емес.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Іле Алатауында үш күннен бері орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Тілсіз жау Тянь-Шань шыршасын шарпыған. 26 қыркүйек күні түстен кейін тұтанған қызыл жалынды бірінші «Қазәуеорманқорғау» мекемесінің мамандары байқаған. 

Десантшылар мен төтенше жағдайлар қызметі дереу өртті сөндіруге кіріскен. Алайда тілсіз жауды ауыздықтау әзірге мүмкін болмай тұр. Қазіргі уақытта қызыл жалын 5 гектар аумақты шарпыған. Өрт болған жерге көлікпен су апару мүмкін емес. Сондықтан оны өшіру де оңай болмай тұр. Топырақтың үстіне жиналған қылқан жапырақты қалдықтар қалың. 

«Тауда жауын-шашын болмаса, органикалық қабат бықсып ұзақ жанады», - дейді мамандар. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Сол маңда отырған шопандар құрғақ шөпті өртеуі мүмкін. «Қала тұрғындары тауға шығып от жаққан», деген де болжам бар.

"Жалпы таулы аумақта өрт сөндіру өте қиын. Барлық жерге көлік жете алмайды. Тіпті адам жете алмайтын жерлер болады. Сондықтан тікұшақпен су жеткіземіз. Өрт сөндіруге 13 рет тікұшақпен су төгетін құрылғымен су төгілді. Қазіргі таңда өрт әлі өшпеді. Адамдар жұмыс істеуде", - дейді «Қазәуеорманқорғау» РМКК бөлім басшысы Бауыржан Төлепбергенов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы #өрт #Іле