$ 444.22  476.38  4.82

Елордада жүкті келіншек көпірден секіріп өлмек болды (ВИДЕО)

Оқиға 3 қазанда сағат 12:30 шамасында болған.

Астаналық полицейлер өзенге секірмек болған жүкті келіншекті құтқарып қалды деп хабарлайды Полиция департаментінің бапсасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде келіншекті құтқару сәті түсірілген видеоролик таралды. Оқиға 3 қазанда сағат 12:30 шамасында болған.

Астаналық полицей Алмаз Құлтанов қызмет бабында жүріп, Қабанбай батыр көшесіндегі көпірдің үстінде («Рамстор» СҮ маңында – авт.) жас қыздың шешініп жатқанын байқаған.

«Полиция капитаны бұл жайтты Жедел басқару орталығына хабарлап, өзі қызға қарай беттеген. Алайда, ол жетемін дегенше қыз көпірден секіріп кетті. Құлтанов дереу оның артынан суық суға секіріп, қызды жағаға алып шықты. Жағада оны өзге полицейлер күтіп тұрған. Олар қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті», - делінген полиция таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда суицид жасамақ болған келіншек ауруханада. Анықталғандай, ол 25 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты, аяғы ауыр. Не үшін мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз.

azattyq-ruhy.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары