$ 498.34  519.72  4.85

«Ақтаудағы жарылыс тұрмыстық газдың ауаға таралуынан болуы мүмкін» - мамандар

ТЖД мамандары иісшіл иттің көмегіне жүгініп, қиранды астында адам қалмағанына көз жеткізгендерін айтып отыр.

Ақтау қаласында қосқабатты "Шерқала" кешенінің ғимаратында болған жарылыс тұрмыстық газдың ауаға таралуынан шығуы мүмкін. Бұл жөнінде облыстық ТЖД және өңірлік ПД басшысы қызметін уақытша атқарушы жауапты тұлғалар түсінік берді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Оқиға орнында облыстық полиция департаментінің 150 қызметкерінен тұратын 44 экипажы жұмыс істеп жатыр, деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі. Сонымен қатар, облыстық ауруханаға әзірге тұрғындар тарапынан дене жарақатымен бірде-бір адамның түспегендігі де айтылды.

Аталған оқиғаға қатысты дерек маңғыстау облыстық ПД сотқа дейінгі тергеу ісінің бірыңғай тіркелімінде тіркеліп, ҚК 292-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, — деді өңірлік ПД басшысы міндетін атқарушы Нұрсейіт Оразов.

Ал облыстық ТЖД қызметі жарылыстың себебі қолданбалы газдың ауаға таралуынан шығуы мүмкін деген болжам жасап отыр.

Алдын ала болжау бойынша жарылыс қолданбалы газдың ауаға таралуынан болуы мүмкін. Жарылыс орнынан 2 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. Кешен қожайынының айтуынша, ғимаратта әлі 50 литрлік екі газ баллоны болуы мүмкін, — деді ТЖД басшысы міндетін атқарушы Бекболат Әбдіқадыров.

ТЖД мамандары иісшіл иттің көмегіне жүгініп, қиранды астында адам қалмағанына көз жеткізгендерін айтып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары