$ 443.37  474.49  4.83

Шымкентте пәтерден мәйіті табылған үш адамның неден қайтыс болғаны анықталды

Қазіргі таңда аталған оқиғаға қатысты тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен мәйіті табылған үш адамның өліміне газ себеп болуы мүмкін, деп хабарлады Otyrar.kz. 

Оқиға орнына келген ТЖД өкiлдерi мен газ мамандары есікті бұзып кірген сәтте iштен газдың иісін сезген. Пәтерден табылған марқұмдардың бірі 65 жастағы әйел мен 1978 және 1979 жылғы ерлі зайыпты екені белгілі болды.

"Ол әйел ташкенттік болған, мұнда ұзақ уақыт болмайтын. Тек бірнеше айға ғана келіп кететін. Мен олармен араласпадым, жақын араласықым келді, алайда оның өзі көрші болып араласқанымызды қаламады. Шынымды айтсам бұл кісілер жөнінде мүлдем ештеңе білмеймін. Тіпті өзге біреудің қонаққа келгенін де байқамаппын. Ешқандай дауыс естілмеді", - дейді көршілері.

Марқұмның көршілерінің айтуынша, 65 жастағы әйел пәтерде жалғыз тұрған, сондай-ақ оның денсаулығында кінәрат болыпты. Осы себепті баласы мен келіні анасына көмектесуге жиі келіп тұрған көрінеді.

"Олар өте тыныш отбасы болатын. Анасы жиі ауыратын. Осыдан бірнеше күн бұрын есіктің алдында екеуміз ұзақ сөйлестік. Қиын жағдай, үш адамның қазасы жанға батады", - дейді марқұмның көршісі Валентина Хорошева.

Қазіргі таңда аталған оқиғаға қатысты тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары