Жангелдин көшесінің бойынан өтіп бара жатқан тұрғын қоқыс жәшігінен көрпеге оралған әйелдің мәйітін байқаған. Оқиға орнына шақырылған полиция қызметкерлері мәйіттің шамамен 35 жастағы әйел адам екенін анықтады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Аталған оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтiру» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда күдікті тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде»- дейді Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.