$ 443.85  474.3  4.8

Ақтөбеде баласы қарт анасын ұрып өлтірді

Ақтөбеде 51 жастағы ер адам өзінің 84 жастағы анасын ұрып өлтірді. Қария ауруханада көз жұмды. Ер адамға сот үкімі шықты.
orda.kz
orda.kz

Ақтөбеде 51 жастағы ер адам өзінің  84 жастағы анасын ұрып өлтірді. Қария ауруханада көз жұмды. Ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды orda.kz.

«Диапазон» басылымының хабарлауынша, 84 жастағы әжей баласымен тұрған. Ер адам анасына тамақ бергенде ол оны түкіріп тастаған. Ашуға салынған баласы анасының бетінен ұрып, сосын басы мен қабырғасынан ұрған.

Әйелдің миына қан құйылған. Оған бас-ми жарақаты диагнозы қойылған. Сондай-ақ, қабырғасы сынған.

Қарияның ұлы бірден жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлердің жарақат туралы сауалына ол бір ай бұрын белгісіз біреулер соғып кеткен деп жауап берген. Салдарынан әжей ауруханада көз жұмды.

Полицейлердің жүргізген тергеуінен кейін 84 жастағы әйелді өзінің ұлы ұрғаны белгілі болған. ҚР Қылмыстық кодексінің «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша іс қозғалған.

Ер адам бала кезден анасы екеуінің қарым-қатынасы ауыр болғанын, үйден жиі қашып кеткенін мойындаған.

«Сол күні кешке мен анама ашуландым, себебі ол тамақты түкіріп, дәретханаға кіріп кетті, мен анамды ұрдым, қанша рет екені есімде жоқ, содан кейін жедел жәрдем шақырдым. Мен өлтірем деп ойлаған емеспін. Барлығы абайсыздықтан болды. Ең төменгі жаза тағайындауыңызды өтінемін» деді сотталушы.

Сот оны кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары