$ 444.14  477.05  4.85

Алматыда ірі жол апаты болды: 20-дан аса көлік соғылды

Жол апаты Жароков көшесі мен Әл-Фараби даңғылы маңында болған.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Алматыда бірден екі ірі жол апаты болды. Алдын ала мәлімет бойынша, бірден 20-дан астам көлік соқтығысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Куәгерлердің айтуынша, 20-дан астам көлік соқытығысқан жол апаты Жароков көшесі мен Әл-Фараби даңғылы маңында болған.

"Топ оқиға орнында. Ақпарат нақтыланып жатыр. Сәл кейінірек болады", - деп түсіндірді қалалық Полиция департаменті өкілдері.

Куәгерлердің айтуынша, тағы бір ірі жол апаты әл-Фараби мен Сейфулин даңғылдары қиылысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 10 шақты көлік соқтығысқан. Ақпарат нақтыланып жатыр.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары