Ақтөбе облысындағы Оңтүстік айналма тасжолында Lada Largus көлігі жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан жеңіл көлікте болған үш бала өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД мәліметіне сілтеме жасап.
Оқиға 19 ақпанда сағат 16.00-де болған.
"Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі жол бос екеніне екеніне көз жеткізбестен маневр жасамақ болып, DAF көлігімен (жүк көлігі) соқтығысты. Соқтығысқаннан кейін Lada жолдың оң жағындағы шұңқырға түсіп кетіп, сонда өртенген", - делінген хабарламада.
Көлікте 2007, 2009 және 2021 жылы туған үш бала жанып кеткені хабарланды. Жүргізуші аман қалған. Ол түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған.