$ 498.34  519.72  4.85

Денесі екіге бөлінген: Жамбыл облысында ер адам пойыздың астына түсіп өлді

Вагонның темір доңғалақтары денесін екіге бөліп тастаған.

Жамбыл облысында пойыздың астына түсіп денесі қақ бөлінген адамның мәйіті табылды. Қайғылы жағдай Шу стансасында болған, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, 44 жастағы жергілікті тұрғын отбасындағы жанжалдан кейін "биіктен қарғып өлемін" деп үйінен шығып кеткен. Алайда жүріп келе жатқан жолаушы пойызының астына қарғыған.

Вагонның темір доңғалақтары денесін екіге бөліп тастаған. Қаза болған азаматтың жеке басына қатысты мәлімет жоқ. Ал желі полициясы ҚК "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабымен іс қозғады.

“Ағымдағы жылдың 15-ақпанында аталған факт Шу станциясы желі полициясы бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміде ҚР ҚК 105-бабының 1- бөлігіне сәкес, яғни өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша тіркелген. Қазір тиісті тергеу амалдары жүргізілуде”, – дейді  Шу станциясы желі полиция бөлім бастығының орынбасары Ерлан Сеңгірбаев.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары