23.02.2022, 14:20

Қызылорда облысында АН-2 ұшағы өртенді

Фото: Tengrinews.kz
Әуе кемесі Қызылорда-Арал бағытында санитария рейсін орындаған.

Қызылорда облысында қону кезінде АН-2 ұшағы өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін сағат 12:30-да Аралдан оңтүстікке қарай 10 шақырым жерде "Тараз Жаңа Әлем" жеке әуекомпаниясының АН-2 әуе кемесі өртенді. Әуе кемесі Қызылорда-Арал бағытында санитария рейсін орындаған.

"Бортта 2 экипаж мүшесі және 1 жолаушы болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Осы оқиға бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі авиация оқиғаларын тексеру департаменті тергеу жүргізеді", - делінген хабарламада. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.