Оқиғалар 01.06.2022 сағат 23:29

Оралда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

Зардап шеккендердің жағдайы туралы әзірге мәлімет жоқ.
Оралда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Лермонтов пен Дәулеткерей көшелерінің қиылысында жол апаты болды. Апат салдарынан төрт адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, Chevrolet Cobalt маркалы көлігі Дәулеткерей көшесімен қосалқы жолда келе жатқан, ал УАЗ басты жол - Лермонтовпен жылжыған.

Соқтығысу салдарынан жедел жәрдем көлігі төңкеріліп қалды. "Жедел жәрдем" көлігі онкологиялық аурухананікі екені айтылады.

Зардап шеккендердің жағдайы туралы әзірге мәлімет жоқ.

Тергеу амалдары қолға алынды.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар