$ 443.85  474.3  4.8

Шуда атыс болып, бір адам көз жұмды

Тағы үшеуі жарақат алды.

Шу ауданының ауруханасына 23, 25 және 26 жастағы (екеу) төрт азамат оқ-дәрілермен жарақат алып түсті. Олардың бірі кейінірек аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлады ІІМ. 

"Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған қылмысты жасағаны үшін Төле би ауылының 22 жастағы тұрғынын анықталды, күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде", - деп жазды ведомство.

Қазіргі уақытта толық тексеру жұмыстары жүргізілуде және аудандық прокуратураның қадағалауымен қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларымен рұқсат етілген уақыт бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Жақын арада оқиғаға тікелей қатысқан жеткізілген адамдарға қатысты заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары