$ 494.87  520.65  4.91

«Қолында белгісіз сұйықтық құйылған шприц болған»: Алматыда тағы бір оқушы зорлықтың құрбаны бола жаздады

Ол аздай жігіттің рюкзагынан нәресте киімдері табылып отыр. Ал жігітің өзі әйелдің төстартары мен іш киімін киіп алған.

Алматының Ақсай ықшам ауданында бейтаныс жігіт 7 сынып оқитын қыздың артынан аңдып біраз жүріпті. Ең сорақысы оқушы қыздың артынан қалмай қойған жігіттің қолында белгісіз сұйықтық құйылған шприц болған. Ол аздай жігіттің рюкзагынан нәресте киімдері табылыпты. Ал жігітің өзі әйелдің төстартары мен іш киімін киіп алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбікай өзінің фейсбук парақшасында жазды.

«Танысымның қызы әдейі аула арасымен, адам көп жермен жүрсе ол да қалыспапты. Ешкімнен қорқып именбеген. 7 сынып оқушысы зып беріп шағын дүкенге кірсе артынан жігіт те ілесе кірді», -деп жазды журналист.

Жеткіншек қазақ қызының көз жасы мөлдіреп тұрғанын көріп сатушы жігіт артынан ерген ұры екен деп араша түскені бейнекамераға жазылған. Оған қоса, жігіттің қара рюкзагы өңкей нәресте киіміне толы, өзі кофтасын шешсе әйелдің төстартары мен іш киімін киіп алғаны айтылған.  

«Фетишист, небинар, неформал деуші ма еді мұндайды? Әйелдің киімін қойшы, жігіттің қолындағы не шприц, онда қандай сұйықтық құйылған мұны полиция анықтасын!» ,- деп жазады Гүлмира Әбікай.  

Алайда, Алматы қаласының Полиция департаменті Әуезов аудандық инспекторы қыздың ата-анасының шағымына «Аңдығанға заң жоқ, түк істей алмаймыз. Қызды бүлдірген жағдай болса ғана жауапқа тартамыз» деген.  

Сондай-ақ, Гүлмира Әбікай қыз өсіріп отырған ата-ана ретінде өзінің және балаларының өмірі қауіпсіз болуын Алматы тұрғыны ретінде талап ететінін жеткізді.  

«Ауру болса емделсін! Психикалық ауытқуы болса қамалсын! Ал, қыз өсіріп отырған ата-ана ретінде Мен және менің балаларымның өмірі қауіпсіз болуын Алматы тұрғыны ретінде талап етемін!»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары