Оқиғалар 04.10.2022 сағат 00:20

Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды

Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар түтін басқан подъезден 30 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.
Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Өскемен қаласында көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 101 қызметіне Потанин көшесіндегі көпқабатты үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар түтін басқан подъезден 30 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.

«Белгілі болғандай, пәтерлердің біріндегі балконда қоқыс жанған. Көп ұзамай жалпы ауданы 3 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Отпен күреске барлығы жеке құрамнан 24 адам мен 7 техника жұмылдырылды. Зардап шеккен ешкім жоқ.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар