$ 494.87  520.65  4.91

«6 жыл бойы зорлаған»: Павлодарда өз қызына азғындық жасаған әке сотталды

Сотталушы жәбірленушінің әкесі бола тұра 6 жыл бойы баланың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, күш қолдану арқылы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

Сотталушы жәбірленушінің әкесі бола тұра 6 жыл бойы баланың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, күш қолдану арқылы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деп айыпталған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Павлодар ауданының тұрғыны кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық көрсету арқылы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, венерологиялық ауру жұқтырған. Сот шешімімен айыпталушыға 25 жыл мерзімге жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің ең қауіпсіз мекемесінде өтеу, химиялық кастрация түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалады", - деп жазылған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары