$ 494.87  520.65  4.91

Қызылорда тұрғыны тапа-талтүсте танысын атып кетті

Күдікті – 56 жастағы азамат. Ол атыс қаруымен 43 жастағы әйелді жарақаттап, қашып кеткен.

Қызылорда қаласының тұрғыны тапа-тал түсте көшеде танысын атып кетті, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Оқиға қаланың сол жағалауындағы көпқабатты үйлердің алдында болған. Күдікті – 56 жастағы азамат. Ол атыс қаруымен 43 жастағы әйелді жарақаттап, қашып кеткен. Бірақ жедел іздестіру барысында көп ұзамай қолға түсті. Айғақ заттар тәркіленді.

"Қылмыстық кодекстің 14-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді Қызылорда қалалық полиция басқармасы тергеу бөлімінің бастығы Рақымжан Сұлтанқұлов.

Оқ жәбірленушінің сол жақ жамбасына тиген. Ішкі мүшелері зақымданған. Қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы ауыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары