08.10.2022, 14:20

Павлодар облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды, оның екеуі - балалар

Жарақат алған екі жүргізуші ауруханада жатыр.

Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш жолаушы қаза тауып, екі жүргізуші жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«7 қазан күні сағат 22.00-де Ақсу өңірінің Сырлықала ауылының жанындағы Ленинский - Курчатов автожолының 55-ші шақырымында 40 жастағы Нива көлігінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын қамтамасыз етпей, жолдың оң жағында ілеспе бағытта тұрған КамАЗ 5320 автомашинасының тіркемесімен соқтығысқан», - деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Жол апаты салдарынан Нива автокөлігінің үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Екі жүргізуші ауруханаға жеткізілді.