$ 494.87  520.65  4.91

Шығыс Қазақстанда полиция қызметкері әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді

Полиция қызметкері түнде жұмбақ жағдайда қайтыс болған.

Шығыс Қазақстан облысында полицей әріптесін өлтірді деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл деректі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады.

"10 қазанда ШҚО патрульдік полиция инспекторының өлімі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажет тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр", - делінген ШҚО ҚД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқиға орнына облыс прокуроры, Полиция департаментінің бастығы, сондай-ақ Ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілі аттанды. Қылмыстық істі тергеу жүріп жатыр. Бұл іс Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды", - деп толықтырды ШҚО ДП өкілі.

Бейресми ақпарат көздерінің мәліметінше, полиция қызметкері түнде жұмбақ жағдайда қайтыс болған. Оның басы көлік есігі мен көліктің арасында қалып қойған. Қаза болған полицейді серіктесі тапқан. Күдіктінің айтуынша, ол әріптесінің көлікте жоқ екенін бірден байқамаған. Оқиға орнында марқұмның етігі мен сүйретілген іздері табылды.кү

Оқиға Алматыдағы тасжолда болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ШҚО #полиция