Батыс Қазақстанда ер адам өз ұлын өлтірді. Қайғылы оқиға 11 қазан күні Ақжайық ауданында болған, деп хабарлайды Stan.kz.
65 жастағы ер адам мен оның 42 жастағы ұлының арасында жанжал туындап, ер адам баласын басы мен мойнынан пышақтаған. Алған жарақатынан ұлы сол жерде көз жұмды.
Облыстық полиция департаменті мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.