$ 441.66  475.14  4.86

Алматыда ірі жол апаты болды (ВИДЕО)

Төрт көлік бір-біріне соғылып, екі адам ауруханаға түсті.

Алматыда Саин көшесінде төрт автокөліктің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жол апатының видеосы желіде тарады.

Қалалық полиция департаментінде оқиға 16 қазан, түнгі сағат 22:00-де болғанын хабарлады.

«Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатты. Жұбанов көшесінің төменгі жағында орын ауыстыру кезінде Mitsubishi Delica көлігімен соқтығысуға жол берді. Соққының инерциясымен Toyota Camry FAW Jiefang-ке барып соғылды. Ал ол инерция бойынша ілеспе бағытта келе жатқан басқа Toyota Camry-ді соқты», - деді Алматы қалалық полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы, подполковник Олжас Шәріпов.

Жол апаты салдарынан FAW Jiefang жүргізушісі мен жолаушысы қалалық ауруханаға жеткізілді.

Жол апатының мән-жайын Әуезов ауданының полиция қызметкерлері тексеріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары