$ 494.87  520.65  4.91

Батыс Қазақстанда жол апатынан бір адам қаза тауып, төрт адам зардап шекті

Жол апаты салдарынан Lada Granta маркалы автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Оралда жол-көлік апатынан бір адам қаза тауып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Батыс Қазақстан облыстық полиця департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін, яғни 17 қазанда сағат 12:45 шамасында Орал – Атырау тасжолының 3-шақырымында болған.

«1981 жылғы жүргізушінің басқаруындағы Lada Granta және 2002 жылғы жүргізушінің басқаруындағы Toyota Camry көліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Lada Granta маркалы автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ 4 жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары