22 қазанда Атырау облысы Қызылқоға ауданында жол апаты орын алып, салдарынан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
22 қазанда сағат 15.00 шамасында Қызылқоға ауданында Сағыз - Миялы облыстық тас жолында Toyota Ipsum және Lada Granta автокөліктері соқтығысты.
“Toyota Ipsum көлігінің 3 жолаушысы және Lada Granta автокөлігінің 2 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 3 адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді”,-
Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша.
Полиция қызметкерлері оқиға орнында қызмет атқаруда.
Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды.