$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбелік әйел абысынын алдап суретке түсіріп, атына 2,5 миллион теңге несие рәсімдеген

Айыпталушы сотта алаяқтық жасап, оның атына несие алып, ақшасының бір бөлігін жоғалтып алғанын мойындаған.

Ақтөбеде туысының үйіне қонаққа келген 36 жастағы әйел, банк қосымшасына оның деректерін енгізіп, кейін байқауға тіркелуге селфи жасайық деп алдаған. Нәтижесінде туысқанының атына 2,5 миллион теңге несие алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Басылым мәліметінше, әйел банк қосымшасына деректер енгізген соң өзгенің атына рәсімделетінін ұққан. Телефонын туысқанының бетіне апарып, байқауға тіркелу керек деп, селфи жасауын өтінген. Туысқаны ештеңеден күдіктенбей, суретке түсіп, телефонды өзіне кері берген. Нәтижесінде қонақ туысқанына 2,5 миллион теңге несие рәсімдеген. Бұл ақшаның бір жарым миллион теңгесін электронды лотереяға салып жіберген. 

Заречный тұрғыны несиесі бар екенін банктен хабарласқан соң ғана білген. Әйел жағдайды банк менеджерлерімен бірге шешіп, олар несиелік өтініште көрсетілген нөмірге хабарласқан. Ал хабарласқан номер күйеуінің ағасының әйелінікі болып шықты.

Айыпталушы сотта алаяқтық жасап, оның атына несие алып, ақшасының бір бөлігін жоғалтып алғанын мойындаған. Сот оны екі жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары