Әлеуметтік желіде Сәптаев қаласында көліктің өртеніп жатқан видеосы пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«25 қазан күні Жезқазған – Есіл – Петропавл трассасында, Сәтпаев қаласынан Жезқазғанға шыға берер жолда Mercedes көлігінің 58 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, қаланың атауы жазылған бағанға соғылған. Оқиға салдарынан көлік өртеніп, жүргізуші оқиға орнында мерт болды»,-деп хабарлады Ұлытау облыстың Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүмыстары жүріп жатыр.