$ 444.14  477.05  4.85

Қазаққа құда болған шетелдіктер қойдың басын көргенде талып қала жаздады (ВИДЕО)

Голландиядан құда болып 15 адам келген.

Шетелдік құдалар дастарханға қойылған қойдың басын көргенде есеңгіреп қалды. Олар салт-дәстүрмен қазақ қызын ұзатып алып кетуге келген, деп хабарлайды Экспресс К. 

Интернетте голандиялық жігітке ұзатылған қазақ қызының бейнежазбасы тарады. Видеода Голландиядан құда болып 15 адамның келгені айтылады. Тіпті олар қазақ дәстүріне сай қалың малы мен сый-сияпатын көтере келгенін де байқайсыз. Мұнан кейін шетелдік жігіттің басына тақия киіп, сүйіктісін көтеріп алып кете бара жатқан да видео бар.

Желіде тараған бейнежазбада голландиялық құдаларға қазақы дәстүрмен ас қойылған. Бірақ дастарханға қой басы келгенде құдашаның бірі қатты есеңгіреп қалады. Ал құлағын кескенде көзі шығып кете жаздайды.

Желідегі жұрт бұл бейнежазбаға түрлі пікір қалдырған. Басым бөлігі өз жартысын тапқан қазақ қызына бақыт тілепті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары