$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте студенттерді белдікпен ұрған колледж мұғалімі жұмыстан кетті

Баланың анасы дәл осы ұстаз сабақ кезінде ұлының жағынан ұрып, баласының ауруханаға түскенін хабарлаған.

Шымкенттегі Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде мұғалім тәртіпке көнбеген студенттерді белдікпен ұрған. "Дене тәрбиесі және алғашқы әскери дайындық" пәндер кафедрасының оқытушысының бала тәрбиесіндегі бұл әдісін тәлімгерлердің бірі ұялы телефонына түсіріп алған екен. Бұл туралы Информбюро жаңалықтар қызметіне хабарлайды.

Осыған ұқсас басқа да жазбалар әлеуметтік желіге тез тарап, ата-аналар жағынан оқытушыға қатысты шағымдар түсе бастаған. Тіпті бір баланың анасы дәл осы ұстаз сабақ кезінде ұлының жағынан ұрып, баласының ауруханаға түскенін хабарлаған. Әрі дәрігерлер жеткіншектің жағын екі жерінен тіккенін айтқан.

Қазір полиция бұл шағым негізінде тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. Ал білім басқармасы қызметтік тексеру жүргізіліп, студенттерді белдікпен ұрған оқытушының жұмыстан шығарылғанын жеткізді.

“Зерделеу жұмыстарының нәтижесі Шымкент қалалық әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия алдында қаралды. Бүгінгі таңда колледж басшылығының денсаулығына орай жұмыс орнында болмауына байланысты бұл мәселенің қаралуы кейінге шегерілді”, – дейді Шымкент қалалық білім басқармасының бөлім басшысы Жанар Алтаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары