Меркі ауданының Қарасу ауылында теміржол өткелінде жолаушылар пойызы Audi автокөлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Polisia.kz.
апат жайлы хабарлама 1 қараша күні сағат 08.55 шамасында Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінен түскен. Апат салдарынан 6 адам қаза тапқан.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Оқиға орнында кезекшi жедел-тергеу тобы жұмыс iстеп жатыр.