$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында экскаватор жүргізушісі абайсызда әріптесін өлтіріп алды

Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.

Ақмола облысында кәріз құбырларын төсеу барысында жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ дерегінше, 27 қазанда Целиноград аудандық полиция бөліміне кәсіпорындардың бірінің қызметкері қоңырау шалып, Ақмол ауылында кәріз құбырларын төсеу объектісінде экскаватор жүргізушісі әріптесін абайсызда экскаватор шөмішімен жарақаттап алғанын хабарлаған.

Соның салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.

Осыған байланысты полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 156-бабының 3-бөлігі «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бойынша соталды тергеуді бастады.​​​​​​

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары