$ 444.22  476.38  4.82

Петропавлда лифт құлап, бір адам көз жұмды

Ер адам алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды.

Петропалда көпқабатты үйде лифт құлап, бір адам қаза болды, деп хабарлайды Рolisia.kz.

«4 қарашада Петропавл қаласының Полиция басқармасына Жұмабаев көшесіндегі тоғыз қабатты үйде лифтіге күрделі жөндеу жүргізу кезінде трос үзіліп, салдарынан 8-ші қабат биіктігінен 39 жастағы ер адам шахтаға құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Ер адам алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді», - делінген мәліметте.

Қазір оқиға орнында Петропавл прокуратурасының және полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары