$ 487.37  532.94  5.09

Көкшетау тұрғынының денесі гаражда тұрған көлігінен табылды

Өлім көміртегі тотығымен улану салдарынан болған.

Көкшетау қаласында көліктің ішінен ер адамның мәйіті табылды. Сараптама кезінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

32 жастағы қала тұрғыны иіс тиіп уланған. Көлік гаражда тұрған. Ер адамның мәйіті 8 қарашада табылды.

"Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, өлім көміртегі тотығымен улану салдарынан болған. Қазіргі уақытта полицейлер қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр", - дейді полицейлер.

Осы орайда тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерін қауіпсіздік шараларына бей-жай қарамауға шақырды.

"Газбен уланудың алдын алу үшін көліктің шығару жүйелерінің дұрыстығын және саңылауы жоқ екенін үнемі тексеріп отыру қажет", - деп атап көрсетті департамент мамандары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары