Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Новоукраинка ауылындағы №51 мекемеде жазасын өтеушілер арасында жанжал туындап, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 9 қарашада болған. 1994 және 1976 жылы туған сотталғандар төбелесіп, біреуі екіншісін бірнеше рет балғамен ұрған.
1976 жылы туған жәбірленуші Айыртау ауданының орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша ("Кісі өлтіру") тіркелді. Күдікті Айыртау аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.