$ 494.87  520.65  4.91

Екі жасөспірім жолай өтіп бара жатқан елорда тұрғынын ұрып-соғып, тонап кетті

Қаскүнемдердің олжасы 1400 АҚШ доллары болды.

Астанада екі жігіт өтіп бара жатқан адамды ұрып-соғып, тонап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

102 пультіне 26 жастағы азаматтан қоңырау түскен. Ол Қордай көшесінде беймәлім екі жігіт өзін ұрып-соғып, тонап кеткенін айтты.

Шабуыл жасалған сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Бейнежазбада екі жігіттің ер адамға жақындап келіп, соққы бере бастағанын көруге болады.

Тонаушылар оның қолынан сөмкені жұлып алып, қаша жөнелген.

Жәбірленуші олардың артынан жүгіріп, қуып жетпек болғанымен еш нәтиже болмады. Қаскүнемдердің олжасы 1400 АҚШ доллары болды.

Алматы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 19 және 17 жастағы күдіктілердің екеуін де ұстады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Күдіктілердің біреуі ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Кәмелетке толмаған жасөспірімді ювеналды полиция қызметкерлері ерекше бақылауға алды.

Олардың шетел валютасын теңгеге айырбастап, кейін біразын өз қажетіне жұмсап үлгергені анықталды. Қалған қаражат тәркіленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары