$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте 5-қабаттан секірмек болған 3 баланың анасы құтқарылды

Жұбайы тәртіп сақшыларына қызметі үшін алғыс айтқан. Әйел отбасымен қауышты.

Шымкентте полицейлер 5 қабатты үйдің төбесінен секірмек болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полицияның таратқан дерегіне сүйенсек, 102 пультіне "Адия" ТК-нің тұрғындарынан қоңырау түскен. Олар белгісіз адамның көпқабатты үйдің төбесіне көтеріліп, өз-өзіне қол жұмсамақ ниетте екенін мәлімдеген.

"Кезекші жедел түрде патрульдік полиция полкінің барлық экипаждарына хабарлама тастады. Шақыруға бірінші болып 1-рота қызметкерлері Қанат Бишинов пен Бейбіт Нұрпейісов келді", - делінген ақпаратта.

Патрульдік полицейлер бірнеше минут ішінде өз өмірлерін қатерге тігіп, көпқабатты үйдің төбесіне көтерілген және әйелді әңгімеге тартып, назарын аудару арқылы ойынан қайтарып, құтқарып қалады.
Өз өзіне қол жұмсамақ болған әйел аудандық полиция басқармасына жеткізілген.

Белгілі болғандай, әйелдің үш баласы бар болып шықты.
Жүргізілген әңгімеден кейін полицейлер оны күйеуіне тапсырған. Өз кезегінде жұбайы тәртіп сақшыларына қызметі үшін алғыс айтқан. Әйел отбасымен қауышты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары