$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында мектеп қазандығы жарылып, бір адам жан сақтау бөліміне түсті

Үш адам ауруханаға түсті.

Ақмола облысында мектеп қазандығында жарылыс болып, салдарынан үш адам зардап шекті. Ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, оқиға 18 қарашада сағат 12:18-де Аршалы ауылы, Писарев көшесі, 18 үйде болған.

"Тәшенов атындағы орта мектеп аумағында, жеке қазандықта қатты отынмен жұмыс істейтін жылыту қазандығы жарылып, ғимарат құрылымы бұзылған", - деді Руслан Иманқұлов.

Үш адам ауруханаға жатқызылды: 1983 жылы туған үй-жай басқарушысы, 1990 жылы туған электрик және 1967 жылы туған от жағушы.

"Зардап шеккендердің бәрі есін біледі, жағдайы нақтыланып жатыр", - деп толықтырды Төтенше жағдайлар министрлігі өкілі.

Мектеп қашықтан оқытуға көшкен. Жергілікті атқарушы органдармен сол жерде жедел штаб құрылып, зардаптарды жою және жылумен қамтамасыз ету шаралары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары