$ 494.87  520.65  4.91

«Жүкті болып қалған»: Алматы облысында 15 жастағы қызды өгей әкесі зорлаған

60 жастағы өгей әкесі қыз баланы зорлап, жәбірленуші одан босанған.

Алматы облысында 15 жастағы қызды зорлаған өгей әкесі 19 жылға сотталды, деп хабарлайды  КТК арнасы.

Облыстық соттың мәліметінше, 15 жастағы қызды зорлаған өгей әкесі 1962 жылғы азамат. 60 жастағы ер адам қыз баланы зорлап, жәбірленуші одан босанған. Қазір өгей әкесінен бала туған жас ана сәбиімен бірге тұрып жатыр.

"1962 жылғы азамат ҚР ҚК 120-бап бойынша кінәлі деп танылып, 19 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол апелляциялық сотқа шағым түсірді, бірақ бірінші сатылы соттың үкімі өзгеріссіз қалды. Енді сотталған азамат жазасын қауіпсіздігі жоғары түзеу мекемесінде өтейтін болады", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Анықталғандай, 1962 жылғы азамат жәбірленушінің анасымен 12 жыл бұрын шаңырақ құрған. Ол кезде қыз 3 жаста болған. Жәбірленуші 15 жасқа толғанда өгей әкесі зорлап, анасына айтқан жағдайда екеуінің де жазаланатынын айтып, қорқытқан келген. Соңында қыз бала жүкті болып, іс сотпен аяқталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары