$ 481.84  531.33  5.07

Қызылордада полиция қызметкері әйелін ауыр соққыға жықты деген күдікке ілінді

Күйеуі банкімен басынан ұрып, одан кейін қылқындырған. Қолына түскен затпен ұра берген.

Қызылордада полиция қызметкері әйелін ауыр соққыға жықты деген күдікке ілінді. Бұл туралы әйелдің анасы Назым Жаңабергенқызы мәлімдеді. Оның айтуынша, күйеуінен зәбір көрген келіншек көпқабатты үйдің үшінші қабаттынан секірген. Қазір ол ауруханада ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Назымның айтуынша, қызы Аруна былтыр күйеуінен заңды түрде ажырасқан. Оған себеп - отбасындағы ұрыс-керіс, төбелес. Алайда, "жаздым жаңылдым" деп келген соң екеуі кейін қайта қосылыпты. Оның соңы осындай жағдайға әкеліп соғып отыр, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

"Банкімен басынан ұра бергенін, одан кейін қылқындырғанын айтты. Қолына түскен затпен ұра берген ғой. Ақыры қашқанда терезеге жеткен, арты жаңағыдай жағдай болып тұрған енді. Оны итеріп жібергенін, өзі секіргенін ешкім білмейді. Талап етемін заңды түрде, жазасын алсын", деді жәбірленушінің анасы Назым Жаңабергенқызы. 

Дәрігерлер келіншектің ауруханаға өте ауыр жағдайда түскенін айтады. Бірнеше рет күрделі ота жасалған. Жүру мүмкіндігі аз дейді.

"Есі түзу. Екі аяғы істемейді және жамбас, қол жұмыс істемейді. Жұлын зақымданған, сонымен байланысты. Жұлын қайта тігілмейді, езіліп кеткен", дейді  Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігері Шынжырбай Оразмаханұлы

Полиция департаментіндегілер Арунаның күйеуі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында жұмыс істегенін растады. Бүгін "майор күйеубала" қызметінен босатылған.

"Аталған дерекке байланысты ҚР ҚК 105 бабымен қылмыстық іс тіркеліп, Қызылорда облыстық ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеті жүргізілуде. Оқиғаның мән жайы анықталуда. Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды", деді  Қызылорда облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға тергеушісі Мейрамбек Абдуллаев

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары