$ 444.14  477.05  4.85

Алматы-Екатеринбург тас жолында болған жол апатынан үш адам қаза тапты

Жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Алматы-Екатеринбург тас жолында болған жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz. 

Оқиға 18 қараша күні болған. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі "ВАЗ-21015" көлігінің 21 жастағы жүргізушісі Балқаш бағытында келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, 45 жастағы жүргізуші басқарған MAN жүк көлігімен соқтығысқанын мәлімдеді. Соққының салдарынан көлік шұңқырға аударылып кеткен.

"Жол апаты салдарынан ВАЗ-21015 жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады Ішкі істер министрілігінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі "Көлiк құралдарын басқарушы адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары